Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Бокстан Азия чемпионатының алғашқы алтыны қоржынға түсті

10.08.2025, 11:13

Құралай Егiнбайқызы шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды жеңді

Бокстан Азия чемпионатының алғашқы алтыны қоржынға түсті
Владислав Семенов

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U19) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыққан қазақстандық боксшы Құралай Егiнбайқызы шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанмен күш сынасты.

Алғашқы раундта тартыс бір деңгейде өрбіді. Дегенмен, соңына таман Васанға жекпе-жек тоқтағаннан кейін соққы жасағаны үшін ескерту беріліп, бір ұпай шегерілді. Соған қарамастан, бұл кезең үнді спортшысының еншісіне жазылды.

Екінші раундта Құралай қарсыласын канатқа тықсыра түсіп, басымдық алуға тырысты. Васан шегініп барып қарсы соққыларын дәл тигізгенімен, Егiнбайқызы бірнеше сәтті соққысын өткізіп, раундты өз пайдасына жаздырды.

Үшінші, шешуші раундта Құралай физикалық тұрғыдан сергек көрініп, айқын басымдық танытты. Ақыры төрешілердің бөлек шешімімен алтын медаль қазақстандық боксшыға бұйырды.

Ал Аяжан Ермек  Азия чемпионытының күміс жүлдегері атанды. Банкгкоктағы бәсекенің финалында Аяжан (57 келі) үндістандық Мусканға 3:2 есебімен жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам