Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Жігіттерге ризамын»: Бақыт Сәрсекбаев Азия чемпионатын қорытындылады

11.08.2025, 18:09

Бас бапкер кемшіліктермен жұмыс істейтінін атап өтті

«Жігіттерге ризамын»: Бақыт Сәрсекбаев Азия чемпионатын қорытындылады
әлеуметтік желі

Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатын аяқтады.  Қазақстанның 22 жасқа дейінгі жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев чемпионатқа қатысты пікір білдірді.

«Бүгін көргендеріңіздей финалға 5 бала шықты. Үшеуі чемпион болып, екі күміс медаль түсті. Мен жігіттерге ризамын. Жеңіліп қалса да, риза болып тұрмын. Келешегіміз бар. Енді, Алла бұйырса, әрі қарай бәрін ұйымдастырамыз. Жаттығу жасаймыз. Кімнен қандай қателік кеткенін ескеріп, сол спортшымен жұмыс істейміз. Ешқандай бала шаршамастан, қиналмастан, техникалық және тактика жағынан өзін көрсетті. Мен оларға ризамын», - деді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, ерлер құрамасы арасында 60 кг салмақта Нұрислам Қалдыбаев, 80 кг салмақта Санжарәлі Бегалиев, 90 кг салмақта Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы атанса, 65 кг салмақта Илья Калинин мен 70 кг салмақта Нұрбек Мұрсал күміс медальға ие болды.

Азия чемпионаты (U22) бойынша толық медаль кестесі төмендегідей:

  1. Өзбекстан – 8-6-4
  2. Қазақстан – 5-4-0
  3. Қытай – 3-0-3
  4. Үндістан – 1-4-8
  5. Тайланд – 1-1-1
  6. Жапония – 1-0-1
  7. Вьетнам – 0-1-3
  8. Моңғолия – 0-1-3
  9. Қытай Тайбэйі – 0-1-2
  10. Иран – 0-1-0
  11. Оңтүстік Корея – 0-0-6
  12. Филиппин – 0-0-2
  13. Бутан – 0-0-1
  14. Гонконг – 0-0-1
  15. Непал – 0-0-1
  16. Малайзия – 0-0-1.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам