Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Өмір сүргім келмейді!»: Майк Тайсон маңызды мәлімдеме жасады

11.08.2025, 20:12

Боксшы 80 жасқа дейін өмір сүруді қаламайтынын айтты

«Өмір сүргім келмейді!»: Майк Тайсон маңызды мәлімдеме жасады
Steve Marcus / Reuters

Әлемге әйгілі боксшы, бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон өміріне қатысты пікір білдірді.

Тайсон Шакил О’Нилдің подкастында өзіне қойылған сұраққа жауап бере отырып, ұзақ өмір сүруге қатысты ойын айтты.

Америкалық баскетболшы Шакил О'Нил Тайсоннан «60, 70, 80 жасқа дейін өмір сүргің келе ме?» деп сұраған.

«Мен сонша ұзақ өмір сүргім келмейді. 80 жасқа дейін өмір сүрмеймін деп үміттенемін!», — деп жауап берді Тайсон.

Майк Тайсон 1966 жылы 30 маусымда Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында дүниеге келген. 12 жасынан бокспен айналысуды бастаған ол 1986 жылы 20 жасында ең жас әлем чемпионы атанды. 1987 жылы 21 жасында ол абсолютті әлем чемпионы титулын жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам