
Шлемі мен қолғаптарын аукцион арқылы сатпақ.
Бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай спорттық карьерасындағы маңызды заттарын аукционға шығарды.
Ол 2025 жылы үшінші мәрте әлем чемпионы атанған кезде киген шлемі мен қолғаптарын аукцион арқылы сатпақ.
«Үш дүркін әлем чемпионы атанған сәтімдегі шлем мен қолғапты шығарып отырмын. Түпнұсқа. Қолтаңба. Аукцион басталды. Чемпиондық тарихымның бір бөлігіне кім жоғары баға береді?» – деп жазды Назым Қызайбай.
Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы.