Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Жаңаөзен әкімі Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйлады

13.08.2025, 16:16

Боксшы барша Жаңаөзен халқына алғысын білдірді

Жаңаөзен әкімі Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйлады
әлеуметтік желі

Әлем кубогінің жеңімпазы Бекзат Нұрдәулетовке Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Исаханұлы пәтер кілтін табыс етті.

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде жариялап, барша Жаңаөзен халқына алғысын білдірді.

«Құрметті Жансейіт Исаханұлы! Бүгін пәтердің кілтін табыстағаныңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл алдағы Әлем чемпионаты алдындағы дайындығыма үлкен қолдау әрі зор мотивация. Сіздің спортқа деген ерекше жанашырлығыңыз жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Бүгінгі құрметіңіз барша Жаңаөзен халқының демеуін сезінуге себеп болды. Алла Тағала еңбегіңізге береке беріп, деніңізге саулық, жұмысыңызға сәттілік нәсіп етсін!», — деді Бекзат Нұрдәулетов.

Бұған дейін Маңғыстау облысы бокс федерациясының президенті Асқарбек Керелбаев чемпионды жеңісімен құттықтап, оған 10 миллион теңгенің сертификатын табыстаған еді.

Айта кетейік, World Boxing Cup турнирінде 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов финалда үндістандық Джугну Альватаны 5:0 есебімен айқын жеңіп, алтын медальді иеленді. Ол алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді.

Ол 2019 жылы әлем чемпионы атанып, 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам