«Жәнібектің халі мүшкіл болады»: британдық боксшы Әлімханұлын оңай жеңеріне сенімді

23.01.2024, 10:21

Оның ешқандай титулы жоқ

«Жәнібектің халі мүшкіл болады»: британдық боксшы Әлімханұлын оңай жеңеріне сенімді
The Independent

Орта салмақта жұдырықтасатын Ұлыбританияның кәсіпқой боксшысы Натан Хини (18-0, 6 КО) Жәнібек Әлімханұлын (15-0, 10 КО) тағы да жекпе-жекке шақырды.

Айта кету керек, біршама үзілістен кейін британдық боксшы 16 наурызда шаршы алаңға оралады. Ол Бирмингемде өзінің жерлесі Брэд Полспен (18-1, 10 КО) жекпе-жек өкізеді.

Қазір Хини WBO рейтингінің төртінші сатысында тұр. Осымен мақтанған боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, оны оңай жеңіп алатынына сенім білдірді.

«Мен Дүниежүзілік бокс ұйымы рейтингінің төртінші сатысында тұрған поттериздік жігітпін. Егер Брэд Полсты жеңсем, онда Qazaq Style-дың жағдайы мүшкіл болады», - деп жазды Хини әлеуметтік желідегі өз парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Хини мен Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек биыл жазда болуы мүмкін деген болжам айтылған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 11
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?