Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Әлемдегі ең сұлу боксшымен сұхбат: «Жігітім жоқ. Қойшының қызымын. Бекзат Саттарханов – кумирім»

23.01.2024, 16:20

Ол жуырда ғана Алматыда египеттік боксшыны нокаутпен жеңген болатын

Әлемдегі ең сұлу боксшымен сұхбат: «Жігітім жоқ. Қойшының қызымын. Бекзат Саттарханов – кумирім»
коллаж: 1bol.kz

Балауса Мұздыманды сыртынан көрген адам гимнаст (көркем) деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол – күрзі жұдырық иесі. Ұрда-жық спортында мұндай да сұлу арулар болады екен-ау!

Сол бокстағы аруымыз көктемде Америка асып, кәсіпқой бокстағы карьерасына дем беруді жоспарлап отыр. Бірақ ұлттық құрамаға да оралып, биыл Париж олимпиадасында, одан бөлек Астанада өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуды мақсат тұтып отыр.

Балауса неге Ангелина Лукасты місе тұтпайды? Ол неге ұлттық құраманың жалақысынан бас тартты? Неге чемпион болған боксшы жігіттерді халық басына көтереді де, қыздар елеусіз қалады? Міне, подкаста осы туралы әңгіме өрбіді.

Одан бөлек, Балауса Мұздыман отбасы жайлы, боксқа келуі жайлы бұрын-соңды еш жерде айтпаған құпиясын бөлісті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам