Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

20 жастағы британдық боксшы Александр Усикті жекпе-жекке шақырды

19.08.2025, 09:41

Жас боксшы соңғы кездесуін 17 тамыз күні өткізген болаты

20 жастағы британдық боксшы Александр Усикті жекпе-жекке шақырды
Коллаж 1bol.kz

Ауыр салмақтағы жас әрі жеңіліссіз боксшы, WBO Inter-Continental және WBA International чемпиондық белбеулерінің иегері британдық Мозес Итаума украиналық абсолютті чемпион Александр Усикпен жұдырықтасуға ниетті екенін ашық айтты. 

Sky Sports-қа берген сұхбатында Итаума батыл мәлімдеме жасады:

«Алда не күтіп тұр? Шынымды айтсам, кімді қарсы қойса да, рингке шығуға дайынмын. Әділін айтқанда, Джозеф Паркер мен Агит Кабайел Усикпен айқасуға толық лайық, бірақ мен де бұл мүмкіндікті пайдаланғым келеді. Мені де сол қатарға қосыңдар!» — деді ол.

Жас боксшы соңғы кездесуін 17 тамыз күні өткізген болатын. Ол алғашқы раундта-ақ 37 жастағы бұрынғы уақытша WBC чемпионы Диллиан Уайтты нокаутпен жеңіп, өзінің мықты әлеуетін дәлелдеді.

Айта кетейік, бұған дейін ауыр салмақтағы әйгілі боксшы Тайсон Фьюри де Итаумаға жоғары баға беріп:

«Ол Усикті тас-талқан етеді» деген пікір білдірген еді.

Мозес Итаума қазірдің өзінде жанкүйерлер назарын аударған ең үлкен үміткерлердің бірі саналады. Оның Александр Усикпен жекпе-жек өткізу ықтималдығы бокс әлемінде үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам