Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Путинге Дмитрий Биволдың үстінен шағым түсірілді

19.08.2025, 10:40

Екатерина бұрынғы күйеуін айыптап, Ресей президентіне жүгінетінін мәлімдеді

Путинге Дмитрий Биволдың үстінен шағым түсірілді
Коллаж 1bol.kz

Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина бұрынғы күйеуін айыптап, Ресей президентіне жүгінетінін мәлімдеді.

«Президентім мені қорғайды. Ал сен не салық, не алимент төлемейсің, тиын-тебен ғана жібересің. Сол үшін мен бар сөмке мен сырғаларымды сатуға жүрмін. Оның өзі де санаулы-ақ. Дубайлық торай қолма-қол ақшамен ғана жүреді, жеке кәсіпкерлікті әпкесі Верониканың атына ашқан – біз бәрін таптық. Шілденің бірінен бастап бұл қылмыстық жауапкершілікке жатады. Сен менің Отанымның игілігін пайдаланасың, бірақ ресейлік емессің. Нағыз орыс – мен және балаларым. Барлығын тартып аламын да, балаларыма беремін», - деп жазған Екатерина Бивол Ресей президентіне жолданған өтініш порталынан скриншотты қоса жариялаған.

Бұрынғы чемпион мен оның экс-жұбайының ортақ екі ұлы бар – Мирон және Никон. 2023 жылдың маусымында 16 жылдық некеден кейін екеуі ресми түрде ажырасты. Содан бері екі тарап бірнеше рет бір-біріне қарсы мемлекеттік органдарға шағымданған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам