Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Ешқандай сылтау да жоқ». Әлімханұлы Top Rank жазбасына жауап қатты

19.08.2025, 15:18

Отандасымыз Top Rank Boxing промоутерлік компаниясының жазбасына шамданып қалған

«Ешқандай сылтау да жоқ». Әлімханұлы Top Rank жазбасына жауап қатты
janibek_alimkhanuly/Instagram

WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Top Rank Boxing промоутерлік компаниясы жариялаған жазбаға жауап қатты.

Бұған дейін әйгілі бокс ұйымының ресми аккаунты қазақстандық чемпионның суретін жариялап, оның WBC белбеуіне таласы бар екенін жазған болатын. Ал аталған белбеудің қазіргі иегері – доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО).

«Жігіттер, мен мақсатыма жетпей тоқтамайтындардың қатарынанмын. Ешқандай сылтау да жоқ, үзіліс те жоқ – тек алға!» – деп жазды «Qazaq Style» Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) 5-раундта нокаутпен жеңген болатын. Сонымен қатар бұл салмақ дәрежесінде кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) да чемпион. 

Әлімханұлы Адамеске жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жіберілгенін, алайда доминикандық боксшы ұсынысты қабылдамағанын айтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам