Бокстан Қазақстан құрамасы Ливерпульде табысқа жете ала ма?

Telegram WhatsApp

World Boxing алғаш рет әлем чемпионатын өткізеді

ҰОК
ҰОК

Бокстан әлем чемпионатына небәрі 17 күн қалғанда Қазақстан құрамасы өзінің ресми тізімін жариялады. Ерлер құрамасында бірден төрт әлем чемпионы бар. Дегенмен бұл жетістік Ливерпуль шаршы алаңында сәтті өнер көрсетуге жеткілікті ме? 

World Boxing ұйымының аясында өтетін алғашқы әлем чемпионаты – қазақ боксының қазіргі деңгейін айқындайтын басты сын болмақ. Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін арада 13 ай өткенде, еліміздегі нөмір бірінші спорт түрінде қаншалықты оң өзгеріс бары анықталады. Сонымен қатар боксшыларымыздың Өзбекстан құрамасымен бәсекеге қабілеттілігі де сыналмақ.

Қазақстан құрамасының тізімі:

50 кг: Санжар Тәшкенбай
55 кг: Махмұд Сабырхан
60 кг: Бейбарыс Жексен
65 кг: Ертуған Зейнуллинов
70 кг: Төрехан Сабырхан
75 кг: Сабыржан Аққалықов
80 кг: Нұрбек Оралбай
85 кг: Бекзат Нұрдәулетов
90 кг: Сағындық Тоғамбай
+90 кг: Айбек Оралбай

Англиядағы шаршы алаңға төрт бірдей әлем чемпионы қатысады: 2023 жылы Ташкентте топ жарған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай, сондай-ақ 2019 жылғы Екатеринбургте топ жарған Бекзат Нұрдәулетов. Бұған қоса, Азия чемпиондары Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай, Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Сабыржан Аққалықов және « «Странджа кубогы» мен Bangkok Open турнирінде үздік атанған Төрехан Сабырхан бар.

Әлсіз тұстар

Бір қарағанда азулы көрінген құраманың осал тұстары да жоқ емес. Саптағы ең жас боксшы Төрехан Сабырханды қоспағанда, қалған салмақ дәрежелерінде тұрақты нәтижеге қол жеткізіп жүрген боксшылар жоқтың қасы.

Естеріңізде болса, Санжар Тәшкенбай 2024 жылғы Азия чемпионатының финалында Шодияржон Меликузиевтен жеңілді.

Махмұд Сабырхан маусымда Эйндховен турнирінде сәтсіздікке ұшырады.

Бейбарыс Жексен Азия біріншілігінің ширек финалында тәжік қарсыласына есе жіберді.

Ертуған Зейнуллинов Астанадағы Әлем кубогында үздік шыға алған жоқ.

Нұрбек Оралбай сол турнирдің финалында жеңіліс тапты.

Сағындық Тоғамбай да Әлем кубогында мүдірді.

Айбек Оралбай «Странджа кубогы» турнирінде Жахонгир Зокировтен ұтылса, ал Астанадағы турнирде даулы шешімнің арқасында ғана италиялық Ленциді жеңді.

Салыстырмалы түрде үш салмақта ғана тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген боксшылар бар: Сабыржан Аққалықов, Бекзат Нұрдәулетов және Төрехан Сабырхан. Алайда Төреханның ересектер сынында тәжірибесі аз, бұған дейін небәрі үш турнирге қатысқан. Жанкүйерлер Бекзаттың Токио Олимпиадасында алғашқы айқастағы сәтсіздігін әлі ұмыта қойған жоқ. Ал Сабыржанның туған жерінде жаттығу залына кіре алмай жүргенін бұған дейін жазғанбыз.

Қорытынды

Әрине, мұның бәрі уайымға салынуға себеп емес. Өйткені әлем чемпионаты – жан-жақты дайындықты қажет ететін мүлде басқа деңгейдегі турнир. Негізгі мақсат – боксшыларды бабында апару. Былғары қолғап шеберлеріміздің бұған дейінгі сәтсіздіктері үлкен жеңістің алдындағы сүріну болса игі. Сөйте тұра әлемдік деңгейде тұрақты өнер көрсетіп жүрген боксшыларымыздың аздығы ойландырмай қоймайды. Бұл Ливерпульдегі басты сын сәтінде шешуші рөл ойнауы әбден мүмкін.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 814 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 495 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 126 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›