
Виртуалды рингте қарсыластарымен шайқаса алады
Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жаңа бокс симуляторының қосымшасында кейіпкер ретінде пайда болды.
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері енді әйгілі «Undisputed» ойынында қолжетімді. «Захват» деп аталатын жаңа қосымшада ойыншылар Әлімханұлының кейіпкерін басқарып, виртуалды рингте қарсыластарымен шайқаса алады.
Жәнібектен бөлек, жаңа толықтыруға тағы алты кәсіби боксшы қосылған. Олардың қатарында – Теофимо Лопес, Эммануэль Аугустус, Тим Цзю, Диего Корралес және Себастьян Фундора бар. Ойын жасаушыларының айтуынша, әрбір спортшыға ерекше әдістер топтамасы мен бұрын қолжетімсіз болған комбо-әрекеттер енгізілген.
Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Онда қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Жәнібек Әлімханұлы бүгінде Қазақстанның ең табысты спортшыларының бірі саналады. Ол IBF және WBO чемпиондық атақтарын біріктіріп, орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атануды көздейді.