
Оның қарсыласы үндістандық боксшы Мамта Сингх
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман 5 қыркүйек Алматыда UBO чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.
Оның қарсыласы үндістандық боксшы Мамта Сингх. 2024 жылы Мамта Сингх, Бангкокте Ангелина Лукаспен жұдырықтасып, Лукас нокаутпен жеңген.
Үндістандық боксшы өз мансабындағы 9 жекпе-жектің 7-де жеңіп, 2 рет ұтылған.
Айта кетейік, Балауса Мұздыман соңғы рет 7 маусым да Алматы қаласында мысырлық Айя Рамаданды айқын басымдықпен жеңген еді. Ол өзінің мансабында барлығы 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 6-да нокаут тіркеген.
Бұл бокс кешінде Балаусадан өзге, Жанқош Тұраров, Қанат Сәңгілдер де қолғап түйістіреді. Айтулы турнирдің басты жекпе-жегі отандасымыз Али Ахмедов пен Танзания елінің өкілі Майгвисия арасындағы айқас болмақ.