Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Элина Базарова әлем чемпионатында өзбек боксшысынан жеңілді

04.09.2025, 23:36

Төрешілер бірауыздан жеңісті Уктамоваға берді

Элина Базарова әлем чемпионатында өзбек боксшысынан жеңілді
ҚБФ

Ливерпульде өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Элина Базарова алғашқы кезеңде жарыс жолынан шығып қалды.

54 келі салмақта ел намысын қорғаған спортшы 1/16 финалда өзбекстандық Нигина Уктамовамен қолғап түйістірді. Уктамова — жастар арасындағы әлем чемпионы әрі Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Қарсыластар үш раунд бойы тартысты өнер көрсеткенімен, төрешілер бірауыздан жеңісті Уктамоваға берді. Есеп: 0:5.

Осылайша, Элина Базарова чемпионаттың келесі кезеңіне өте алмады. Ал өзбек боксшысы 1/8 финалға жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам