Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін, 09:54

Сағындық алғашқы айналымда Исаак Окомен (Англия) жұдырықтасты

Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады
ҚБФ

Сағындық Тоғамбай бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Қазақстандық боксшы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Сағындық алғашқы айналымда Исаак Окомен (Англия) жұдырықтасты. Қарсылас бірінші раундта басым түсті. Бірақ, жекпе-жектің соңына қарай Сағындық Тоғамбай 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) келесі кезеңде Джек Марлеймен (Ирландия) күш сынасады.

Ал әйелдер арасында бақ сынаған Элина Базарова алғашқы кезеңде жарыс жолынан шығып қалды. 54 келі салмақта ел намысын қорғаған спортшы 1/16 финалда өзбекстандық Нигина Уктамоваға есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам