
80 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы кездесуін сәтті өткізді
Қазақстандық боксшы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (80 кг) әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Ол 1/16 финалда украиналық Матвей Ражбамен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазылар шешімі бойынша есеп – 5:0.
Алғашқы раундта Оралбай бар сенімділігін көрсетіп, барлық төрешіден басым ұпай алды — 5:0. Екінші раундта да басымдығын жалғастырып, тағы да 5:0 есебімен ұтты. Бұл раундта украиналық боксшы ереже бұзғаны үшін қосымша бір ұпайдан айырылды.