ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Нұрбек Оралбай әлем чемпионатында қазақ боксшысымен жұдырықтасатын болды

Этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан шаршы алаңға шығады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ливерпульде (Англия) бокстан өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ дербиі өтеді.

1/8 финалда қазақстандық Нұрбек Оралбай мен Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан шаршы алаңға шығады.
Оралбай 1/16 финалда украиналық Матвей Ражбаны төрешілердің ортақ шешімімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Ал Таңатхан 1/8 финалға шығу үшін мексикалық Эмилиано Редусиндоны төрешілердің басым дауысымен жеңді.

4 қыркүйекте басталған әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге 60-тан астам елдің боксшылары қатысуда. Жарыс World Boxing ұйымынығң ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам