Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын нокдаунға жіберді

08.09.2025, 01:09

Әлем чемпионы Санамача Чану Тхокчоммен қолғап түйістірді

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын нокдаунға жіберді
ҰОК

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз үндістандық қарсыласы, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Санамача Чану Тхокчоммен қолғап түйістірді. Кездесудің алғашқы раундында-ақ Богданова қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдыққа ие болды.

Бес раундқа созылған тартысты бәсекенің соңында төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшының жеңісін тіркеді. Осылайша Наталья Богданова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алып, медаль үшін күресін жалғастырады. Ал үндістандық Тхокчом турнирден шығып қалды.

Айта кетейік, Богданова бұған дейін 2025 жылы өткен IBA әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Бұл – оның әуесқой бокстағы ең ірі жетістіктерінің бірі.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Натальяның 1/4 финалдағы жекпе-жегі 9 қыркүйекте түркиялық Сема Чалышканға қарсы өтеді.

Сонымен қатар бүгін, 7 қыркүйекте Ливерпульдегі жарыста Қазақстан құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) да кезекті жеңісін тіркеп, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Ерлер арасында Нұрбек Оралбай украиналық Матвей Ражбаны жеңсе, Махмұд Сабырхан да әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам