
Жекпе-жек барысында қарсыласын сенімді түрде жеңді.
Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіске жетті.
Отандасымыз англиялық Элис Глинмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қарсыласын сенімді түрде жеңді. Оның ендігі қарсыласы - польшалық Юлья Шеремета.
Бүгінгі күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 келі) мен Нұрбек Оралбай (80 келі) алғашқы кездесуде жеңіске жетті.
Сондай-ақ, кеше ерледен Төрехан Сабырхан (70 келі) мен Бейбарыс Жексен (60 келі) табысты өнер көрсетті.
Айта кетейік, тарихта тұңғыш рет World Boxing ұйымының аясында әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтеді. Жарысқа 68 елден 554 спортшы (329 ер, 225 әйел) қатысуда. Қазақстан намысын Англияда 20 боксшы қорғайды. Ерлер құрамасында да, әйелдер құрамасында да 10 спортшыдан бар.