Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Ауыздарыңызды жапқандарыңыз жөн». Қазақстандық боксшы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін пікір білдірді

09.09.2025, 10:32

Сабыржан Аққалықов украиналық Павло Илюшаға есе жіберді

«Ауыздарыңызды жапқандарыңыз жөн». Қазақстандық боксшы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін пікір білдірді
ҚБФ

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін жанкүйерлерге үн қатты.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда ол украиналық Павло Илюшаға тартысты жекпе-жекте төрешілердің  шешімімен есе жіберді. Есеп – 3:2.

«Бұл чемпионат мен үшін аяқталды. Бір жерде жеткілікті дайындық болмады, бір жерде өзімді көрсете алмадым... Сондықтан айтаын артық сөзім жоқ. Ал спортты сырттан сынап отырғандарға айтарым – ауыздарыңызды жапқандарыңыз жөн. Біз қалай жаттығамыз, қанша уақыт жақындарымызды көрмей жүретінімізді, қаншама қан мен терді төгетінімізді білмейсіздер. Бәрі де көк байрағымызды биікте желбірету үшін жасалады. Көпшілік тек нәтиженің өзін көреді: жеңсең даңққа бөленесің, жеңілсең бір сәтте ең жаманына айналасың. Бірақ спорт деген –  осындай. Ол ешқашан алдын ала болжанбайды. Бүгін чемпион болсаң, ертең қарапайым қатысушы болып қалуың әбден мүмкін», - деп жазды Сабыржан Аққалықов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ ол кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жеткен (2-0, 2 КО).

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам