Виктория Графеева ширек финалда өзбек қызымен жұдырықтасады

Виктория 1/8 финалда англиялық Люси Кингс-Уитлимен кездесті

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Виктория 1/8 финалда англиялық Люси Кингс-Уитлимен кездесті. Нәтижесінде Виктория Графеева еш қиындықсыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін сынға түседі. Ширек финалдағы қарсыласы – өзбек қызы Ситора Турдибекова.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам