
Отандасымыз Косово өкілі Башким Бажоку алғашқы раундта жеңді
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске қол жеткізді.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал аясында ол Косово өкілі Башким Бажокумен кездесіп, алғашқы раундта-ақ нокаутпен ұтты. Осылайша Сабырхан ширек финалға жолдама алды, ал қарсыласы турнирді аяқтады.
Бірінші айналымда Махмұд Мексика спортшысын жеңген еді. Ендігі қарсылас Нидерланд-Жапония кездесуінде анықталады.
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл чемпионат – ересектер арасындағы тарихтағы алғашқы әлем біріншілігі, оны жаңа құрылым – World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.