Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақстанның үшінші боксшысы жартылай финалға шықты

10.09.2025, 18:23

Отандасымыз  4:1 есебімен жеңіске жетті

Қазақстанның үшінші боксшысы жартылай финалға шықты
ҰОК

Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Аса ауыр салмақта (+80 кг) жұдырықтасатын спортшымыз ширек финалда Жаңа Зеландия өкілі Селин Элин Дэниел Ли-Ломен кездесіп, тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жетістік Елданаға турнирдің жартылай финалына шығумен қатар, кемінде қола медальді қамтамасыз етті. Оның қарсыласы жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатының жартылай финалына тағы екі қазақстандық бұрымды — Виктория Графеева (60 кг) мен Наталья Богданова (70 кг) жолдама алған болатын. Осылайша, әйелдер құрамасы бірден бірнеше салмақта медальға қол жеткізді.

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Жекпе-жектерді қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам