
Ситора Турдыбековамен қолғап түйістірді.
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Графеева өзбек боксшысы Ситора Турдыбековамен қолғап түйістірді. Тартысқа толы айқаста қазақстандық спортшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, сенімді түрде келесі кезеңге өтті.
Бұл жеңіс Викторияға әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті. Ал қарсыласы Турдыбекова жүлдесіз қалды.
Бұл жарыста жартылай финалға шыққан екінші қазақстандық боксшы — Наталья Богданова (70 келі). Енді Қазақстан құрамасы кем дегенде екі медальді олжалады.
10 қыркүйектегі күндізгі сессияда рингке тағы бірнеше отандасымыз шығады:
Махмұд Сабырхан (55 келі)
Төрехан Сабырхан (70 келі)
Нұрбек Оралбай (80 келі)
Елдана Тәліпова (+80 келі)
Сағындық Тоғамбай (90 келі)
Дүбірлі дода 4–14 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Жекпе-жектерді қазақстандықтар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.