Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Тағы бір қазақ боксшысы өзбекстандықтан жеңілді

10.09.2025, 20:13

Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты

Тағы бір қазақ боксшысы өзбекстандықтан жеңілді
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Сағындық Тоғамбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатын аяқтады.

Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді.

Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) жеңді.

Бұған дейін Олимпиада-2024-тің күміс жүлдегері әрі 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай өзбек боксшысына есе жіберіп, жарысты тоқтатты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам