ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті

10.09.2025, 22:19

Отандасымыз И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты

Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті
ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты.

Алуа Балқыбекова алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) кем дегенде қола алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам