Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Отандасымыз 1/4 финалында Сингх Мандегбаммен (Үндістан) өзара мықтыны анықтады

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті.

Былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Сингх Мандегбаммен (Үндістан) өзара мықтыны анықтады.

Санжар Тәшкенбай бірінші үшминуттықта тізгінде қолына алды. Жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалған жерлесіміз еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам