ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Бокстан Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Бүгін, 20:03

Жеңіс оңтүстік америкалық спортшыға берілді.

Бокстан Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды. 

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан додада 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Графеева бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіс оңтүстік америкалық спортшыға берілді. Осылайша, Де Лима Сантос финалға жолдама алып, Виктория Графеева қола жүлдемен шектелді.

Айта кетейік, Виктория Графеева — Азия чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бұл жолы ол Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Бұған дейін ширек финалда тағы екі қазақстандық спортшы өнер көрсетті. 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай украиналық Анна Охотаны 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Ал 50 келідегі Санжар Ташкенбай үндістандық Жадумани Сингх Манденгбамды жеңіп, жүлдегерлер қатарына қосылды. Енді екеуі ертең финалдың жолдамасын сарапқа салады. 

Әлем чемпионаты World Boxing ұйымының аясында 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам