
Төрехан Сабырхан мен Севон Окадзава жекпе-жек өткізеді
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте, Қазақстан құрамасынан сегіз бірдей боксшы финалда өнер көрсетеді.
Ерлер арасында:
50 келі: Санжар Тәшкенбай
55 келі: Махмұд Сабырхан
70 келі: Төрехан Сабырхан
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Әйелдер арасында:
48 келі: Назым Қызайбай
51 келі: Алуа Балқыбекова
65 келі: Аида Әбікеева
70 келі: Наталья Богданова
16:00 — Әйелдер, 48 кг: Назым Қызайбай — Минакши (Үндістан)
16:15 — Ерлер, 50 кг: Санжар Тәшкенбай — Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
16:45 — Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан — Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
22:00 — Әйелдер, 51 кг: Алуа Балқыбекова — Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
22:30 — Әйелдер, 65 кг: Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
22:45 — Ерлер, 70 кг: Төрехан Сабырхан — Севон Окадзава (Жапония)
23:00 — Әйелдер, 70 кг: Наталья Богданова — Лекейша Перголити (Австралия)
23:45 — Ерлер, 90+ кг: Айбек Оралбай — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Барлық жекпе-жектерді қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.