
Шешуші жекпе-жекте Қызайбай үндістандық Минакшиден жеңіліп қалды
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing федерациясының әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, тәжірибелі боксшы Назым Қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер атанды.
Шешуші жекпе-жекте Қызайбай үндістандық Минакшиден жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық спортшы күміс медаль иеленді.
Финалға дейін Назым Қызайбай:
Өзбекстан өкілі Сабина Бобокулованы,
Украиналық Анна Охотаны,
Венгриялық Лилла Селецкиді жеңген болатын.
Назым Қызайбай бұған дейін де әлемдік деңгейде бірнеше мәрте топ жарған. Бұл — оның төртінші әлемдік жүлдесі:
2014 жыл — алтын (Чеджу)
2016 жыл — алтын (Астана)
2025 жыл — алтын (Ниш)
2025 жыл — күміс (Ливерпуль).