ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Махмұд Сабырхан да екі дүркін әлем чемпионы болды

Бүгін, 17:27

Ол айқын басымдықпен жеңіске жетті

Махмұд Сабырхан да екі дүркін әлем чемпионы болды
ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.

Отандасымыз финалда испаниялық  Рафаэль Лосано Серраномен жолықты. Жекпе-жек 55 келіге дейін салмақта өтті.Қазақ боксшысы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Айқын баысмдықпен жеңіске жетті.

Махмұд жартылай финалда  Лю Чуаннің (Қытай) осал тұсын тапқан.

Осылайша, Санжар Тәшкенбайдан кейін Махмұд Сабырхан да екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қазіргі кезде Серік Сәпиевті қосанда Қазақстанда екі дүркін әлем чемпионы атанған үш боксшы болды.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам