
Ол - Серік Сәпиевтен кейін бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған екінші боксшы
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейін салмақта топ жарды.
Отандасымыз финалда моңғолиялық Баттулга Алдархишигпен кездесті. Қазақ боксшысы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшыны қапы қалдырды.
Айта кетейік, бұған дейін Тәшкенбай жартылай финалда кубалық Алехандро Кларо Фискенің осал тұсын тапқан.
Осылайша, Санжар Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды сыйлады. Осының алдында әйелдер құрамасының каптианы Назым Қызайбай күміс жүлдеге қанағат тұтқан.
Санжар Тәшкенбай Серік Сәпиевтен кейін бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған екінші боксшы.