ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Бүгін, 09:34

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
t.me/AMANATPartiyasy

Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды, оның жетеуі - алтын. Нәтижесінде отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты (жеті алтын, бір күміс және екі қола).

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды - алты алтын, екі күміс, үш қола. Үндістан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен үшінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін).

Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам