ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Бокс әлемін дүр сілкіндіреді»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:28

Кәсіпқой боксшы жақында жекпе-жек өткізбек

«Бокс әлемін дүр сілкіндіреді»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жақын күндері өзінің келесі жекпе-жегі туралы ресми түрде хабарламақ.

Кәсіпқой боксшы әзірге қарсыласы мен жекпе-жектің өтетін орны жайлы мәлімет бермеді. Дегенмен ол жанкүйерлерді ерекше қуантатын жаңалық жақында жарияланатынын атап өтті.

«Алдағы аптада күткен анонс бүкіл бокс әлемін дүр сілкіндіреді», - деп жазды Жәнібек өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада шаршы алаңға шыққан еді. Ол кезде қазақстандық чемпион бесінші раундта француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсіріп, өз белбеулерін сәтті қорғап шыққан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам