ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Ринг сыртындағы достық: Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары бірге суретке түсті

Бүгін, 09:16

Қазақстан құрамасы 10 медальмен көш бастады

Ринг сыртындағы достық: Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары бірге суретке түсті
ҰОК

Ливерпульде өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан және Өзбекстан құрамалары үшін нағыз триумф болды.

«Ливерпульдегі әлем чемпионатын шулатқан қазақ пен өзбек боксшылары! Рингте - қарсылас, рингтен тыс - бауыр!» - деп жазды Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев.

 

Қазақстанның жетістігі

Жалпыкомандалық есепте (ерлер мен әйелдер арасында) Қазақстан құрамасы 10 медальмен көш бастады: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.
Чемпион атанғандар:

  • Ерлер: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (90+ кг);

  • Әйелдер: Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг).

Өзбекстан мен Үндістан нәтижесі

Екінші орынды Өзбекстан иеленді — 6 алтын, 2 күміс, 3 қола. Ерлер арасында өзбектер үздік нәтиже көрсетті (барлық 6 алтын осы санатта).
Үшінші орын Үндістан құрамасына бұйырды — 2 алтын, 1 күміс, 1 қола.

Достықтың белгісі

Чемпионаттан кейін екі елдің боксшылары мен жаттықтырушылары өзара құрмет пен достықтың белгісі ретінде бірлесіп суретке түсті. Әлеуметтік желілерде тараған бұл фото тек спорттық табысты ғана емес, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жылы қарым-қатынасты да айқын көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×