ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Жазушы Қанат Тілеухан: «Бокс – дамымай қалған елдердің спорты»

Бүгін, 16:05

Көбіне Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Куба бокстасып жатады

Жазушы Қанат Тілеухан: «Бокс – дамымай қалған елдердің спорты»
әлеуметтік желі

Жазушы Қанат Тілеухан дамыған елдер бокспен көп айналыспайтынын айтып, бұл пікірін өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Қанат Тілеуханның айтуынша, бокс көбіне экономикалық және демократиялық тұрғыдан артта қалған елдерге тән спорт түрі.

«Неге Еуропаның дамыған елдері бокспен айналыспайды? Неге олардың боксшыларын жиі көрмейміз? Осы ой Махмұд Сабырхан мен оның қарсыласы испаниялық боксшыны көргенде келді. Испания десе әдетте біздің есімізге футбол түседі. Барселона, Реал, Атлетико секілді. Ливерпульдің өзінде де өтіп жатыр. Бокс өзі Англиядан шыққан. Бірақ ағылшын боксшылары соншалықты көп емес. Финалға шыққаны жеңіліп қалды. Оны да сүйреп жатқан ешкім жоқ. Негізі голландиялық, германиялық, португалиялық, италиялық боксшылар мүлде байқалмайды. Немесе өте бай Дания, Норвегия секілді Скандинавия елдерінен де боксшылар жоқ. Мысалы, Австрия боксшысын көрдіңіз бе? Жоқ. Көбіне Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Куба, Балқан түбігіндегі елдер, мажарлар, қырғыз, қытай, Солтүстік Корея елдері бокстасып жатады. Бұл экономикалық, демократиялық тұрғыдан дамымай қалған елдердің спорты ма деп ойлайсың. Неге дамыған елдердің боксшылары жұдырықтаспайды? Осыны мен түсінбедім», — дейді ол.

Қоғамдық реакция

Әлеуметтік желі қолданушылары жазушының бұл пікірін қызу талқылап жатыр.

  • «Қате пікір деп ойлаймын. Себебі, АҚШ пен Жапонияның да мықты боксшылары бар»,
  • «Еврейлер балаларын бокс, күреске бермейді, шахматқа бағыттайды»,
  • «Қазақ жетістікке жетсе, соны өзіміз жоққа шығарамыз»,
  • «Дамыған елдерге бокс не үшін керек? Ақшасы жоқ адам жұдырықтасады», — деген түрлі пікірлер жазылды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×