ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Сындырамын деп шештім». Төрехан Сабырхан Ливерпуль рингіндегі жағдайды түсіндірді

17.09.2025, 14:49

Бұл жеңіс тек менікі емес, ағамның, ата-анамның еңбегі

«Сындырамын деп шештім». Төрехан Сабырхан Ливерпуль рингіндегі жағдайды түсіндірді
Фото: Olympic.kz

Ағайынды Сабырхандар елге оралды. Махмұд пен Төреханды әуежайдан күтіп алғандардың қарасы көп болды. 19 жасында дүние жүзінің үздігі атанған Төрехан Сабырхан Ливерпуль рингінде тек жеңісімен емес, көрсеткен шоуымен де есте қалды.

Боксшының әсіресе бастапқы жекпе-жектерінің бірінде қарсыласына «Сындырамын» деп айтқаны көпшіліктің есінде қалып қойған болатын.

«Алдымен, қазақ халқына алғысым шексіз. Бізді қолдап, дұға тілеп отырған халықтың демеуі бізге күш берді. Рингте ағам жанымда болды, мен одан есепті сұрадым. Ол: «Бәрі керемет, Тәтөш, алға!» – деді. Сол сәтте сындырамын деп шештім. Бұл жеңіс тек менікі емес, ағамның, ата-анамның еңбегі. Солардың дұғасының арқасында әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткіздім деп ойлаймын», – деді чемпион.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан жартылай финалда осыған дейін 15 жекпе-жекте жеңілмеген жергілікті боксшы Одель Камараны айқын басымдықпен ұтты. Ал финалда 2021 жылғы әлем чемпионы тәжірибелі боксшы Севон Окадзаваның осал тұсын тапты. Сөйтіп 19 жасында әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×