ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Головкиннің ықпалы ма?: Шетелдік сарапшы қазақ боксшыларының жеңісіне күмәнмен қарады

17.09.2025, 17:44

Қазақстан құрамасы барлығы 10 медаль иеленді: жеті алтын, бір күміс және екі қола

Головкиннің ықпалы ма?: Шетелдік сарапшы қазақ боксшыларының жеңісіне күмәнмен қарады
ҰОК

Ұлыбританиялық бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы төрешілер шешімінің әділдігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, бірқатар даулы жекпе-жектер Қазақстан боксшыларының пайдасына шешілген. Бұл туралы Sports.kz жазды.

World Boxing тарихындағы алғашқы «ересектер» арасындағы чемпионат 14 қыркүйекте аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста рекордтық көрсеткішке жетіп, барлығы 10 медаль иеленді: жеті алтын, бір күміс және екі қола.

«Ливерпульдегі чемпионат барысында көргеніміз – әуесқой бокстағы жүйелі біліксіздіктің айқын дәлелі болды. Мұны кейбір жағдайда жемқорлықтың көрінісі ретінде де бағалауға болады. Әсіресе, даулы шешімдердің басым бөлігі Қазақстан боксшыларының пайдасына қабылданғанын ескерсек, бұл ойды толық жоққа шығару қиын. Оның үстіне, Қазақстанда Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ғана емес, World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын да басқарады. Әрине, бұл жай ғана сәйкестік болуы мүмкін. Дегенмен, әуесқой бокстың тарихи тәжірибесін ескерсек, мұндай жағдай қоғамда заңды түрде күмән мен сұрақ туғызбай қоймайды», — деп жазды шолушы.

О’Хиггинстің пікірінше, World Boxing ұйымы әлі даму жолының басында тұр және ондаған жылдар бойы қалыптасқан жемқорлық мәдениетін жою оңайға түспейді.

«Президент Борис ван дер Ворсттың жетекшілігімен ұйым жақсы бастама көтерді. Бірақ болашақта World Boxing-тің табысы төрешілерге деген сенімді қайтара білуіне және боксты жанкүйерлер үшін барынша қолжетімді ете алуына байланысты болады. Соңғы екі аптада болған жағдайдан кейін алда әлі атқаратын жұмыс өте көп екені анық», — деп түйіндеді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 10
Ашулану 8
×