ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Көптен күткен жекпе-жек»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:04

«Қазақ стилі» жақын күндері шаршы алаңға қайта оралатынын айтты

«Көптен күткен жекпе-жек»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады.

«Қазақ стилі» жақын күндері шаршы алаңға қайта оралатынын мәлімдеді. Дегенмен жанкүйерлер асыға күткен қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

«Құрметті жанкүйерлер! Өте жақында сіздер күткен үлкен жаңалықты естисіздер. Бұл орта салмақтағы көптен күткен жекпе-жек болмақ», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада шаршы алаңға шығып, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Қазіргі таңда орта салмақтағы өзге белбеу иелері – кубалық Эрисланди Лара (WBA) және доминикандық Карлос Адамес (WBC).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×