
Мексикалық жас боксшының денесі шөлді аймақтан табылды
Мексикалық жас боксшы Хесус Меркадо Кабрераның денесі АҚШ шекарасына жақын, Сонора мен Төменгі Калифорния штаттарының арасындағы шөлді аймақтан табылды.
21 жастағы спортшының денесі жаймаға оралып, қаптама таспамен байланған күйде болған. Оның отбасы бірнеше күн бұрын боксшының жоғалғаны жайлы хабарлаған еді. Жергілікті полиция өкілдері марқұмды бірнеше татуировкалары арқылы танығанын, алайда көзге көрінерлік зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын мәлімдеді. Қазір Сонора штатының Бас прокуратурасы істі тергеуге алған.
Айта кетейік, Кабрера 27 қыркүйекте Эрмосильо қаласында Адриан Руиске қарсы жекпе-жекке шығуы тиіс болатын.
Жас спортшының кәсіби мансабында жеті жеңіс, тоғыз жеңіліс және бір тең есеп бар.