ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Алуаға – 40 млн, Назымға – 30 млн: Алматы әкімі чемпион қыздарды марапаттады

29.09.2025, 18:51

Күрестен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген Нұрқожа Қайпанов та марапатталды

Алуаға – 40 млн, Назымға – 30 млн: Алматы әкімі чемпион қыздарды марапаттады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды құттықтап, алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табыс етті.

«Сіздерді осы жарқын жеңістеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл – мен үшін қос қуаныш, өйткені біздің алматылық спортшылар ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль салды. Бұдан бөлек, күрес чемпионатында тағы бір медальға қол жетті. Мұның бәрі – сіздермен бірге мақтанатын жоғары нәтиже», – деді қала әкімі.

Загребте (Хорватия) өткен күрестен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген Нұрқожа Қайпанов та марапатталды. Сонымен бірге спортшылардың бапкерлеріне де алғыс хат пен қаржылай ынталандыру табыс етілді.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленіп, барлығы 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола. Оның ішінде Алматыдан барған төрт спортшы төрт жүлдені еншіледі – бұл жалпы жетістіктің 40 пайызы.

Алматылық спортшыларға берілген сыйақы көлемі:

  • Алуа Балқыбекова – алтын медаль үшін 40 миллион теңге

  • Назым Қызайбай – күміс медаль үшін 30 миллион теңге

  • Виктория Графеева – қола медаль үшін 20 миллион теңге

  • Елдана Тәліпова – қола медаль үшін 20 миллион теңге

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам