ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Жәнібекпен жекпе-жек: Кроуфорд қазақ боксшысына шарт қойды

Бүгін, 12:25

Берни Дэвис шәкіртінің орта салмаққа қайта оралуы үшін 100 млн доллар сұрады

Жәнібекпен жекпе-жек: Кроуфорд қазақ боксшысына шарт қойды
әлеуметтік желі

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, америкалық боксшы Теренс Кроуфордтың жаттықтырушысы Берни Дэвис шәкіртінің орта салмаққа қайта оралуы үшін қандай шарт қойылатынын мәлімдеді.

13 қыркүйекте Кроуфорд екі салмаққа жоғары көтеріліп, мексикалық Сауль «Канело» Альваресті төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіп, мансабындағы үшінші дивизионды бағындырған еді. Осы тарихи жеңістен кейін америкалық былғары қолғап шебері спорттағы ең табысты және беделді боксшылардың қатарына енді.

Алайда, жаттықтырушысы Берни Дэвистің айтуынша, Кроуфорд өз миссиясын орындады және енді тек ерекше ұсыныс болса ғана рингке қайта оралуы мүмкін.

«Менің ойымша, Кроуфордтың мансабы аяқталды. Егер оған 100 миллион доллар ұсынбаса, орта салмаққа түсіп, жаңа қарсыластармен айқасудың еш мәні жоқ. Қалғандары өзара жұдырықтасып, кім мықты екенін анықтасын», — деді Дэвис Sports Illustrated-ке берген сұхбатында.

Жаттықтырушының пікірінше, алдымен Карлос Адамес, Жәнібек Әлімханұлы және Эрисланди Лара өзара күш сынасып, орта салмақтағы «абсолют» чемпионды анықтауы керек. Тек содан кейін ғана Кроуфорд «нағыз корольмен» айқасуға дайын болуы мүмкін.

«Олар барлық белбеуді біріктіріп, абсолютті чемпионды анықтасын. Сонда ғана біз жеңімпазбен кездесу туралы ойланамыз. Басқа жағдайда Кроуфордтың рингке қайта шығуы екіталай. Ол бокста қол жеткізуге болатынның бәріне жетті. Тек 100 миллион долларлық ұсыныс пен барлық титулдар бәс тігілетін керемет шоу ұйымдастырылса ғана бұл жекпе-жек мүмкін болады», — деп түйіндеді Дэвис.

Еске салайық, орта салмақта қазір екі чемпиондық белбеудің иегері – қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы. Егер бұл жекпе-жек жүзеге асса, ол заманауи бокстың ең ірі және тарихи шайқастарының бірі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам