Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионы атанды

21.10.2025, 16:32

Шешуші жекпе-жекте Бибосынов Қызылорда облысының өкілін жеңді

Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионы атанды
әлеуметтік желі

Түркістан облысының боксшысы Сәкен Бибосынов ел чемпионатының финалында қарсыласын жеңіп, 55 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды.

Шешуші жекпе-жекте Бибосынов Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбекті ұтып, алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингке екінші рет көтерілмек. Ол Қырғызстан астанасы Бішкектегі Bishkek Arena кешенінде өтетін бокс турнирінде шаршы алаңға шығады. 

Бұл – Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Алғашқы кездесуде ол филиппиндік боксшы Кристиан Леганды айқын басымдықпен жеңіп, сәтті дебют жасаған болатын.  

Алдағы айқаста Бибосынов қырғызстандық Әділет Качкынбековпен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам