Дегенмен оған ешқандай артықшылық берілмейді
Жақында ғана Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Бұл сыннан негізінен Ливерпульдегі әлем чемпионатында үздік шыққан былғары қолғар шеберлері ғана босатылады делінген еді, алайда қатысушылар арасында 80 келінің көшбасшысы Нұрбек Оралбайды да көрмедік.
Ал оның неліктен ел біріншілігінде бақ сынамағанын жеке бапкері Асқар Еркебаев былай түсіндірді:
«Нұрбек Оралбай әлем чемпионатында белін ауыртып алған. Әлем біріншілігінде ол үш жекпе-жек өткізсе, соның екеуіне жарақатпен шықты. Өкінішке қарай, Қазақстан чемпионатына дейін толық емделіп, бабына еніп үлгермей қалды. Дегенмен оған ешқандай артықшылық берілмейді. Оның 2023 жылғы әлем чемпионы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болғаны өткен уақыттың еншісіндегі дүние. Сондықтан маңызды жарыстарда ел намысын кім қорғайды дегенге келсек, ол міндетті түрде спаррингтік айқастар арқылы анықталады. Егер Нұрбек өзін дәлелдесе, онда жарыстарға барады», - деді Асқар Еркебаев.