Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Геннадий Головкин мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады

24.10.2025, 22:04

Ол World Boxing президенті қызметіне кандидатурасын ұсынды

Геннадий Головкин мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады
ҰОК

Даңқты боксшы, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Достар, мен халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидаттурамды ұсыну туралы маңызды шешім қабылдадым.

Менің миссиям – бокстың олимпиадалық болашағын сақтау, сенімді нығайту және спортшыларды, жаттықтырушылар мен федерацияларды біздің спортты дамыту жолындағы талпыныстарында қолдау.

Біздің басты мақсатымыз – Халықаралық Олимпиада комитетінің толық мойындауына қол жеткізіп, бокстың Лос-Анджелес-2028, Брисбен-2032 және алдағы Олимпиада ойындарындағы орнын бекіту.

23 қараша күні біз бокстың жарқын болашағына қарай маңызды қадам жасаймыз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам