ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Қартая бастады»: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара жекпе-жегінде кім жеңеді?

Бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец өз пікірін білдірді

championat.com
championat.com

Орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы біріктіру жекпе-жегіне қатысты бұрынғы чемпион Сергей Липинец өз пікірін білдірді.

Қазақстандық боксшының мықты тұстарын атап өткен Липинец бұл айқастың жоғары деңгейде өтетініне сенімді:

Бұл өте қызықты жекпе-жек болмақ. Лара — нағыз шебер, кубалық бокс мектебінің өкілі, аяқпен жеңіл қозғалады, рингте өзін сенімді ұстайды. Бірақ ол қазір 42 жасқа таяп қалды. Ал Жәнібек жас, қуатты және ашық стильде жұдырықтасады. Ол барлық төрт белбеуді жеңіп алуды мақсат етіп отыр. Меніңше, бұл жолы Жәнібек жеңеді. Ол жылдамырақ, күштірек әрі осы салмақта физикалық тұрғыдан басым, – деді Липинец.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бүгінде WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы саналады. Келесі жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді, қарсыласы – WBA чемпионы Эрисланди Лара.

Бұған дейін Жәнібек сәуір айында өткен соңғы кездесуінде француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз атағын сенімді қорғаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам