Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Әлімханұлы жекпе-жек алдында жанкүйерлерін ойландырып қойды

27.10.2025, 10:55

Әлімханұлы 6 желтоқсан күні АҚШ-та Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізеді

Әлімханұлы жекпе-жек алдында жанкүйерлерін ойландырып қойды
әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерін өз дивизионындағы қарсыластары Эрисланди Лара мен Карлос Адамеске қатысты тосын сауалмен қызықтырып қойды.

Еске салайық, Әлімханұлы 6 желтоқсан күні АҚШ-та Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл айқаста WBO, IBF және WBA чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Алайда кездесудің алдында қазақстандық боксшы жанкүйерлерінен дәл қазір орта салмақта кім танымалырақ екенін сұрады.

«Қалай ойлайсыздар, қазір орта салмақта кім көбірек танымал - Лара ма, Адамес пе? Екеуі де чемпион, танымалы қайсы? Жалпы, бүгінгі таңда танымалдылық деген не - әлеуметтік желідегі оқырман саны ма, әлде басқа нәрсе ме?» - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Әлімханұлы өзінің басты мақсаты келесі көктемге дейін орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіру екенін айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам