Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Ту мен әнұрансыз қатыспаймыз»: Ресей боксшылары Париж олимпиадасына бармауы мүмкін

31.01.2024, 23:42

Олар Парижге баруға ынталы болғанымен бейтарап ту астында қатысуға құлықты емес

«Ту мен әнұрансыз қатыспаймыз»: Ресей боксшылары Париж олимпиадасына бармауы мүмкін
РИА Новости

Бокстан Ресей құрамасы Париж олимпиадасына қатысудан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы орыс боксшысы Всеволод Шумков RT агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Есте болса, жуырда ғана Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларына олимпиада ойындарына ту мен әнұрансыз қатысуға рұқсат берген болатын. Қазір Ресейдің спорт шенеуніктері бұл мәселеге қатысты өз шешімдерін өзара талқылап жатыр.

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Всеволод Шумков спортшылардың Парижге баруға ынталы болғанымен бейтарап ту астында қатысуға құлықты емес екенін атады.

«Біздегі мәлімет бойынша жолдама алуға мүмкіндік бар. Жақын уақыттары іріктеу турнирі өтуі тиіс. Бұдан бөлек, боксшылармен бапкерлер бірлесіп және федерация басшысы Татьяна Кириенко бір ауыздан шешім қабылдаған. Яғни, Ресей құрамасы Парижге ту және әнұрансыз қатыспайтын болды деген әңгіме бар», - деді Всеволод Шумков RT агенттігіне берген сұхбатына.

Айта кету керек, ХОК-тың мұндай шешімі Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысына байланысты қабылданған. Алғашында Ресей мен Беларусь спортшылары Олимпиада ойындарынан мүлдем шететтілген болатын. Алайда, жарыс басталуға жақын қалғанда ХОК басшысы Томас Бах бұл шешімін өзгертті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам