![Бакуде өткен бокс кешінде қазақ боксшысы қарсыласын небәрі 12 секундта ұрып құлатты (ВИДЕО)](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/02/01/65bb1ff18c91b777573770.jpg)
Ол өз мансабындағы 8 жекпе-жектің алтауын нокаутпен жеңген
Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) Бакуде өткен бокс кешінде грузин Мугавил Мусаевты (3-2, 2 КО) бірінші раунта нокаутпен жеңді деп хабарлайды 1bol.kz.
Аталған жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Алайда, бірінші раундтың 12-секундында Асхат қарсыласын ұрып құлатты.
Бұл қазақ боксшысының кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегі. Ол тек бір рет жеңіліп, қалған жеті кездесудің алтауын нокаутпен жеңген.
Дәл осы бокс кешінде қазақстандық Ангелина Лукас та кезекті жекпе-жегін өткізген болатын. Ол да қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WIBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болды.