Париж-2024 Олимпиадасындағы жеңісінен кейін Жалолов кәсіби боксқа ауысқанын мәлімдеген
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Рахматжон Рузияхунов екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.
Париж-2024 Олимпиадасындағы жеңісінен кейін Жалолов кәсіби боксқа ауысқанын мәлімдеген еді. Алайда бапкердің айтуынша, оған әуесқой рингтің есігі әлі де ашық. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, кәсіби боксшылар Олимпиада цикліне қайта оралуға құқылы. Бұл туралы ол ZBS Podcast YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Рузияхуновтың сөзінше, түпкілікті шешім Олимпиадаға жақындағанда қабылданады, себебі қазір құрамада жас таланттар өсіп келеді. Дегенмен бапкердің пікірінше, егер Жалолов әлем чемпионатына немесе Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысатын болса, онда тағы да алтын медаль алуы әбден мүмкін.
- Баходирді үшінші Олимпиадада көреміз бе, жоқ па?
- Нақты айта алмаймын, өйткені жастар өсіп келеді. Оның шәкірттері де бар, бәрі Олимпиадада жеңіске жетуді қалайды. БАҚ-та: «Баходир, жастарға жол бер» деп талай айтылды ғой. Бір білетінім, қазір ол әлем чемпионатына барса, онда міндетті түрде жеңіске жетеді. Келесі Олимпиадаға барса да жеңеді. Бұл мәселе Олимпиадаға жақындағанда шешіледі.
- Демек, оның жолы жабылған жоқ қой?
- Жоқ, жабылған жоқ. Неге жабылуы керек? Қазір кәсіби боксшылардың Олимпиадаға қайта оралуына рұқсат бар.
Айта кетейік, Баходир Жалолов - қос дүркін Олимпиада чемпионы: Токио-2020 және Париж-2024. Соңғы жеңісінен кейін ол ресми түрде кәсіби боксқа өткенін хабарлаған болатын.